• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет пен бизнес мүмкіндігін біріктіру ортақ табысқа әкеледі – сарапшы

Мемлекет пен бизнес мүмкіндігін біріктіру ортақ табысқа әкеледі – сарапшы

6 Ақпан, 2017 19:12
Мемлекет пен бизнес мүмкіндігін біріктіру ортақ табысқа әкеледі, деді Алматы облысының, Балқаш ауданының Құрметті азаматы, «Бірлік» агрофирма­сының бас директоры Әбдіжаппар Қыстаубаев Елбасының кезекті Жолдауына қатысты пікірінде.

«Бүгінде республикамыздың эконо­ми­калық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақ­са­рып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұр­лы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді. Біз бұл ақиқатқа Мемлекет басшысы Н. Назарбаев­тың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу барысында көз жеткіздік», - деді ол.

Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жо­лы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, хал­қын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұр­ғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады.

«Елбасы бұл Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруының тетігі – бес басымдық пен кешенді үш міндетті белгілеп берді. Соның ішінде, өз кәсібіме орай маған қатты әсер еткені – екінші басымдық деуге болады. Онда  бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту көзделген. Көшбасшымыз мұны одан ары айқындай түсіп: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету», – деп атап өтті.

Елбасы екінші басымдық бойынша жасалуы тиіс қадам­дарды да жіктеп, жіліктеп берді. Соның ішінде мына бір ақпарды ерекше атап өткім келеді. Жолдауда: «Бұдан бы­лайғы жерде Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады» деп ашып көрсетілген. Мұның өзі Жолдау, сөзсіз ел мұратын көздеп, халық еңсесін тіктеу мақсатын ұстанып отыр деген сөз.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар