- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Бразилия өкілдері сауда-экономикалық қарым-қатынастарды талқылады
Қазақстан және Бразилия өкілдері сауда-экономикалық қарым-қатынастарды талқылады
ҚР СІМ хабарлағандай, елші Бразилия өңірінің басшысын Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістіктерімен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі арнайы үндеуінің негізгі ережелерімен, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарымен таныстырды.
Р. Коста Қазақстанның саяси және экономикалық жаңғыруында табыс тілеп, жалғасып келе жатқан әлемдік дағдарыс жағдайларында цифрлық технологиялары бар жаңа салаларды таратудың өзектілігін атап өтті. Ол Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді, құрылысын Баия штатында өңір үкіметімен бірлесіп «Баия Минерасау» компаниясы жүргізіп жатқан «Оңтүстік порт» логистикалық кешенінің Бразилия үшін маңыздылығын атап өтті. Компания тау-кен алыбы болып табылатын Еуразиялық топтың (ERG) бір бөлігі болып табылады, ол Бразилияда темір кенін өндіру және салынып жатқан порт арқылы одан әрі экспорттау үшін «Педра де Ферро» ірі кен орнын дамытуда.
Губернатор Бразилия портты пайдалы қазбалардан басқа өнім экспорты үшін белсенді түрде пайдаланатынын, ал қазақстандық тарап болашақта осы порт арқылы өз экспорттық өнімін Латын Америкасы нарығына жеткізе алатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ведомствода оның Баия штатының іскерлік миссиясын контр-әріптестер табу және бизнес мүмкіндіктерін талқылау үшін Қазақстанға жіберуге ниетті екені айтылды.
Қазақстанның елшісі губернаторды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шақырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді