- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда инновациялардың аймақтық кеңсесі ашылады
Қарағандыда инновациялардың аймақтық кеңсесі ашылады
Әкім Нұрмұхамбет Әбдібеков Президент ұсынған бес басымдықтың әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Жолдауда Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкімдердің, атқарушы биліктің барлық органдарының алдына қойылған міндеттер айқын көрсетілген. Бүгінгі активтің мақсаты – Жолдаудың міндеттерін түсіну, мемлекетпен бірге әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығу үшін оларды іске асыру бойынша Қарағанды облысының орны мен рөлін анықтау», –деді аймақ басшысы.
Әкімнің пайымдауынша, аймақта сандық технологияларды қолдануда атқарылған жұмыс көлемі бар. Мысалы, Қарағандыда өз жұмысында электронды интеллектіні пайдаланатын республикалық фармацевтикалық хаб іске қосылған. Қарағандылықтар электронды мектеп күнделігінің, дәрігерге онлайн режимде жазылудың артықшылығына өз бағасын берді, дегенмен ілгері қадам жасау керек.
Өндірісшілерге көмек ретінде инновациялардың аймақтық кеңсесі жасалмақ. Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму және технопарк басқармасына осындай тапсырма берілді. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың кешенді шаралары әзірленеді. Бұдан басқа, аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.
Өңірде Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік жол карталары жасалады. Билік өкілдері отбасылық бизнеске де қолдау көрсетпек.
Облыс басшысы Қарағандыда IT-біліктілік бойынша дарынды балалар үшін арнайы мектеп ашуды ұсынды. Білім саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ресурстары кеңінен пайдаланылатын болады. 2017 жылдың соңына дейін жеке меншікті мектепке дейінгі ұйымдардың үлесін 20 пайызға дейін жеткізу тапсырылды. Жұмысшы мамандықтарды меңгеруге бөлінетін гранттар саны ұлғаяды.
Жұмыспен қамту саласында онлайн-платформалар бос жұмыс орындарының базасында қолжетімділікті жеңңілдете түспек.
-
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады -
"Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарнасы ашылады - А.Балаева -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады -
Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады -
Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады -
18 мамырда елордада қандай қызмет көрсету орындары ашылады (Видео) -
Шығыс Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылады -
7-20-25: Қарағандыда үйдің ең жоғары құны 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды -
1-мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады – Президент -
«Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс 2020 жылы ашылады -
Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы