Астанадағы жедел жәрдем қызметі 13 реанимобильмен толықты

13 Желтоқсан, 2013 14:42
Бүгін Астанада қаласының жедел медициналық жәрдем қызметіне 13 реанимобиль кілті табыс етілді. Жылдың соңына дейін осындай тағы 4 көлік жеткізіледі, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жалпы, биыл еліміз бойынша республикалық бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаражатқа 258 санитарлық автокөлік сатып алынды», - делінген хабарламада.

Олардың ішінде 82 автокөлік желілік бригадаларға арналса, 176-сы реанимобильдер.    

Мемлекет тарапынан халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғаса береді.  

 

Барлық жаңалықтар