- Басты
- Жаңалықтар
- ЭЫДҰ өз стандарттарын ОА-да таратуды жалғастырмақ
ЭЫДҰ өз стандарттарын ОА-да таратуды жалғастырмақ
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және аумақтық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Альтермен кездесті.
Р. Альтер кездесу барысында Астана өңірлік хабымен мемлекеттік қызметті дамытудағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ хабтың зерттеу қызметін, атап айтқанда, Жаһандық және өңірлік трендтерге шолу ауқымды зерттеуін жоғары бағалады.
Ә. Байменов ЭЫДҰ-ның өңір елдерінде мемлекеттік қызметті жетілдіруге қосқан үлесін атап өтіп, хабтың жаңа зерттеулері, басылымдары мен бастамалары туралы айтып берді.
Кездесу соңында Р. Альтер хабтың халықаралық және өңірлік әріптестікті нығайтудағы жоғары рөлін атап өтіп, мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға сенім білдірді.
Ұйымда хабарланғандай, кездесу барысында ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі басшылығы Астана хабына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және активтерді декларациялау мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды.
Еске сала кетейік, әлемнің ең дамыған 35 елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабының негізгі әріптестерінің бірі және тең құрылтайшы. Хаб өңір елдері үшін мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе және білім алмасуға арналған институционалдық алаң болып табылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері