2017 жылы 2 мыңнан астам шығысқазақстандық қайта оқытудан өтеді

6 Ақпан, 2017 16:14
Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында еңбек нарығы техникалық мамандық кадрларымен толығатын болады.

Әкімдікте хабарланғандай, ШҚО-да еңбек нарығын жаңарту басталды. Жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек ресурстарының сапасын жақсартуға, олардың мобильдігін арттыруға, халықтың өнімді жұмыспен қамтылмаған үлесін азайтуға баса назар аударылған. Облыс колледждері мен кәсіпорындарында оқыту мен қайта оқытудан 2 мыңнан астам адам өтеді.

Өңірдің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Президенттің «Үшінші жаңғыру» Жолдауын іске асыруға кірісті.

Осылайша, халықты жұмыспен қамтудың үлестірілуін жол картасы реттейтін болады, оны әзірлеуге қалалар мен аудандардың әкімдері, ірі кәсіпорындардың басшылары қатысуда.

Жол картасын іске асырудың драйвері «ЖЖК 2020» бағдарламасының орнына қабылданған өнімді жұмыспен қамтуды дамыту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы болмақ.  

Әкімдікте түсіндіріп өткендей, оқу орындарына түсе алмаған 9-11 сынып түлектері өңірдің колледждері мен кәсіпорындарының базасында техникалық мамандықтарға тегін оқытылатын болады. Осы бағыт бойынша 1700-ге жуық шығысқазақстандық оқудан өтеді. Сондай-ақ 29 жастан жоғары тұрғындар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылатын болады. ШҚО-да одан алдын ала деректер бойынша 1473 адам өтеді.

Барлық жаңалықтар