• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы Парламенттің рөлі түсіндірілді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы Парламенттің рөлі түсіндірілді

6 Ақпан, 2017 15:26
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев Алматы облысының Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сенатор №5 қалалық аурухананың ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында Президент Н. Назарбаевтың конституциялық реформалары мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ережелері талқыланды.

А.Бижанов Үкіметті қалыптастыру мен оның қызметін бақылаудағы Парламенттің рөлін күшейту, Президенттің қандай өкілеттіктері Үкімет пен Парламент арасында бөлінетіні туралы айтты. Одан басқа, Президент Жолдауындағы бес негізгі басымдықтар мен кешенді міндеттер де талқыланды. Дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне ерекше ықылас білдірді.

Сенатор Жолдауда білім беруді, дансаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды дамытуға Жолдауда ерекше орын берілген. А.Бижановтың пікірінше, халықтың денсаулығын сақтау – басым міндеттердің бірі, сондықтан денсаулық сақтау жүйесін реформалау дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталуы тиіс. Ол сондай-ақ биылғы 1 шілдеден бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін атап өтті.
 

Барлық жаңалықтар