- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жаңа амбулаториялық-емханалық кешен ашылды
Астанада жаңа амбулаториялық-емханалық кешен ашылды
«Емхана қаланың халықы тығыз орналасқан және қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірінде (Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында) «100 мектеп – 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Тәулігіне 500-ге дейінгі адамды қабылдай алатын 65000 халыққа есептелген АЕК-тің қуаттылығын болашақта тәулігіне 750-ге дейін арттырып, қызметін 95000-ге дейін көтеру жоспарланған», - делінген хабарламада.
№10 емхана – заманауи медициналық мекеме. Онда 22 мамандық бойынша дәрігерлер қызмет ететін болады. Кешен 5 қабатты үш блогты ғимараттан тұрады. Оның жалпы ауданы 20 661,8 шаршы метрді құрайды. Медицина мекемесінде алдыңғы қатарлы емдеу-диагностикалық қондырғылармен жарақтандырылған.
Оның құрамына емдеу-алдын алу және кеңес беру-диагностикалық бөлім, отбасы денсаулығы орталығы, амбулаториялық хирургия орталығы, мен жастар денсаулығы орталығы кіреді.
Заманауи диагностикалық құрылғылар, білікті медицина мамандары мен ыңғайлы ғимарат жедел диагностика бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл check-up бағдарламасы Астананың алдыңғы қатарлы медициналық мекемелерімен тығыз қатынас құра отырып жүзеге асырылатын болады.
Айта кету керек, жаңа кешенде және № 5 жәнге 8 емханаларында тіркеу процестерін барынша жеңілдететін электронды кезек орнатылған. Бұл өз кезегінде халыққа дер кезінде қызмет көрсетуге де жағдай жасайды.
Жалпы, «100 аурухана» жобасы аясында елордада 2011-2012 жылдары 3 денсаулық нысаны қолданысқа берілген. Бұл ғимараттардың құрылысына республикалық бюджеттен 38 млрд теңге бөлінді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды