- Басты
- Жаңалықтар
- Алғашқы қазақстандық астық Қытай арқылы Вьетнамға жіберілді
Алғашқы қазақстандық астық Қытай арқылы Вьетнамға жіберілді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «KTZ Express АҚ Ляньюньган қаласындағы «Қытай-қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп, қанатқақты жоба ретінде осы бағдарды таңдады.
Атап өтерлігі, Қазақстанның Жалтыр станциясынан тұңғыш рет 32 контейнермен 700 тонна қазақстандық астық Ляньюньган порты арқылы Хошимин портына жөнелтілді.
Ляньюньган портында қазақстандық астықты жіберуге қатысты салтанатты шара өткізілді. Оған «Ляньюньган» порты МК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дин Жуй қатысып, қытай тарапының Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өтті. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр.
Қазақстандық өнімді Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді.
Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірінен саналады.
Ляньюньган теңіз портындағы көлік-логистикалық терминалы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны - «KTZ Express» АҚ мультимодальдық компаниясымен «Ляньюньган порты халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері