- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Чехия Парламенті Депутаттар Палатасының төрағасының келуі екіжақты әріптестікті одан әрі ынталандырады
Н.Нығматулин: Чехия Парламенті Депутаттар Палатасының төрағасының келуі екіжақты әріптестікті одан әрі ынталандырады
Бұл Н. Нығматулиннің пікірінше, Чехияның екіжақты әріптестікті одан әрі ынталандыруға деген мүдделілігін білдіреді.
Чехия Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін алға тартқан Мәжіліс Спикері қос мемлекет Президенттерінің өзара сенім мен сындарлы қатынасқа құрылған маңызды кездесулері екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға серпін беріп келе жатқанын атап өтті.
Палата Төрағасы кездесу иелеріне Қазақстан Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы Үндеуі және биылғы халыққа арнаған Жолдаудың басым бағыттары жайында әңгімеледі.
Жолдауда әсіресе, экономикалық бағытты жаңғыртуға айрықша назар аударылғанын алға тартқан Н. Нығматулин Қазақстан экономикасында Чехияның өзіндік орны бар екеніне тоқталды.
Мәселен, біздің елемізде чехиялық капиталдың қатысуымен 100 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 186 млн. долларды құрайды.
Ал, бүгінгі күні өзара іс-қимылды одан әрі күшейтудің басым бағыттары ауылшаруашылығы, машинақұрылыс, энергетика, фармацевтикалық өндіріс және туризм салалары.
Өз кезегінде Ян Гамачек, Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін тарихи табыс деп бағалай келіп, Қазақстан Президентінің тек аймақтық емес, әлемдік саясаттағы тұлғалық рөліне айрықша көңіл бөлді.
Кездесу иелері осы жылдың маусым айында Астанада ашылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін де назардан тыс қалдырмады.
Онда Чехия Президенті Милош Земан құрметті қонақ ретінде қатысады деп күтілуде.
Көрмеде аталған мемлекеттің арнайы павильоны болады, бұл Праганың «ЭКСПО» мамандандырылған көрмесіне алғаш рет қатысуы.
Жүздесу барысында сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық, сонымен бірге, парламентаралық ықпалдастықты күшейтудің маңызды сұрақтары талқыланды.
-
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Елорданың санитарлық дәрігері: CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары