- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыру басталды
Қазақстанда ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыру басталды
«Бюджеттік қаражаттардан басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі жылдың аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды. Мысалы, 2016 жылы егістік және егін жинау науқанына Холдинг бюджеттік несиені есепке алып 114,9 млрд.теңге, 2015 жылы - 101,3 млрд. теңге бағыттады», - делінген хабарламада.
АШТӨ мемлекеттік қаржыландырумен көптеп қамтуға қол жеткізу үшін алғашқы кезекте қаржыландыру өткен жылдағы сияқты ауылшаруашылық кооперативтеріне берілетін болады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін жоғарылату және отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардың басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындаған дақылдар қатары бірінші кезектегі тәртіпте қаржыландырылады. Әңгіме майлы (күнбағыс, рапс, зығыр, соя), арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картоп туралы болып отыр.
Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді несиелеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдық желісі арқылы банк кепілдігін беру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру;
Кейіннен ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру.
Несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары және Өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шамамен 35 млрд теңге бағыттау жоспарланады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері