• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев барлық бақылау-қадағалау функцияларының ревизиясын аяқтауды тапсырды

Б.Сағынтаев барлық бақылау-қадағалау функцияларының ревизиясын аяқтауды тапсырды

4 Ақпан, 2017 12:47
Президент атап өткендей, бизнес ортаны жақсарту үшін аз жұмыс жасалған жоқ, алайда, бизнеске реттеушілік жүктеме өсіп келеді, деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

«Бір жағынан біз бизнесті жүргізуді жақсарту үшін заңдарға өзгерістер енгізіп, рәсімдерді оңайлатып жатырмыз. Соңғы бес жыл ішінде рұқсат беру құжаттарының саны 3,2 есе қысқартылды», - деді Б. Сағынтаев.

Премьер-Министрдің айтуы бойынша, бизнес мүдделерін қозғайтын қабылданған нормативтік құқықтық актілердің саны керісінше 1,7 есе көбейген, олардың 85%-ы - әкімдіктер мен мәслихаттардың актілері.

«Ұлттық экономика министрлігі мен әділет министрліктеріне осы мәселені қарастыруды тапсырамын. Кеше республикада бақылау және қадағалау функцияларын 61 ведомство, оның ішінде 46 орталық ведомство жүзеге асырып жатқаны туралы деректер келтірілді. Кәсіпкерлерге 28 мыңнан астам талап қойылады. Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде барлық бақылау-қадағалау функцияларының ауқымды ревизиясын аяқтап, Үкіметке ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бірінші кезекте, бизнеске қойылатын жоғары талаптарды және әкімшілік кедергілерді қысқарту қажет. Заңнамалық актілерге енгізілетін барлық қажетті өзгерістерді биылғы жылы қабылдау қажет. Сондай-ақ, тексеруші органдардың санын қысқарту бойынша ұсыныстар енгізу қажет», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар