- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары ел өңірлері тұрғындарының Жолдау басымдықтары туралы сұрақтарына жауап беруде
Мәжіліс депутаттары ел өңірлері тұрғындарының Жолдау басымдықтары туралы сұрақтарына жауап беруде
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бахтияр Мәкен және Снежанна Имашева Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатымен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.
Кездесуге қатысушылар ауылдағы білім беруді дамыту, үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшу, «Барлығына арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
«Әлемнің үздік 30 елінің қатарына енуге талпынуда біз бір орында тұрмауымыз қажет. Басым бағыттардың бірі – экономиканың драйверіне айналуы тиіс аграрлық сектор», - деді Снежанна Имашева.
Сондай-ақ, депутаттар жастардың назарын патриоттыққа, ел ішінде және одан тыс жерлерде білім алуға, үш тілді меңгеру қажеттігіне аударды.
Бұдан бөлек, Алматы қаласының Достық үйінде Парламент Мәжілісінің депутаттары шығармашыл ғылыми зиялылармен және Алматы қаласының Демократиялық күштер коалициясының мүшелерімен кездесіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Сондай-ақ Елбасының мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі конституциялық реформалар туралы үндеуі де талқыға алынды.
Коалиция төрағасы кездесуді аша отырып, олардың алдында Президенттің Жолдауын түсіндіру ғана емес, сонымен қатар оның орындалуын бақылау міндеті де тұрғанын ерекше айтып өтті.
«Қалалық филиал Жолдауды түсіндіру бойынша белсенді жұмыс атқаруда, Мемлекет басшысының Жолдауын ауқымды түрде талқылау және түсіндіру үшін ақпараттық топтар құрылды, олардың құрамына үш жүзден астам адам кіреді. Саяси кеңес мүшелеріне жеті жүз отыз екі алғашқы партиялық ұйымдар бекітілді», - деп атап өтті Жұлдыз Омарбекова.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшысы Гүлмира Исимбаева жиналғандардың алдында сөз сөйлей отырып, Жолдауда оқу процесіне ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты, үштілділік қағидатын енгізуге, халықтың сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылғанын атап өтті.
Жолдауда айтылған идеяларға қатысты Алматылық партия мүшелері бүгіннің өзінде өздерін көрсете білгенін айта кеткен жөн. Партияның Алматы қалалық филиалы осы жұмыс бағытында қозғалып, Республика бойынша алғашқылардың бірі болып бірегей мобильді жедел-жаңалықтар қосымшасын іске қосты. Осының арқасында әрбір партия мүшесі, сондай-ақ кез келген қала тұрғыны партия оқиғаларынан хабардар бола алады.
Сондай-ақ, ақпарат бойынша Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова, Светлана Бычкова, Сергей Симонов, Асқар Базарбаев Қостанай облысында жұмыс істеуде.
Парламент мүшелері халықпен, еңбек ұжымдарымен, «Нұр Отан» партиясының алғашқы ұйымдарының мүшелерімен Мемлекет басшысының қаңтардағы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кездесуде.
Мәжіліс депутаттары «Агромашхолдинг» АҚ-да болып, онда кәсіпорын жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.
Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина өз сөзінде Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, депутат еңбек нарығын жаңғырту және бизнес ортаны кеңейту мәселелеріне баса назар аударды.
Депутат Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына да тоқталып өтті.
Депутат Айзада Құрманова «СарыарқаАвтоПром» ұжымымен кездесу барысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін, машина жасау саласын дамытуға баса назар аударылғанын ерекше атап өтті.
Парламент депутаттарының сайлаушылармен кездесулері мен әңгімелесулері одан әрі жалғасуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері