• Басты
  • 42500 теңге. Бұл төлем бұрынғыдан өзгерек
23 Сәуір, 2020 15:52

42500 теңге. Бұл төлем бұрынғыдан өзгерек

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтуына байланысты  азаматтарға  42500 теңге  әлеуметтік төлем тағайындалғаны белгілі. Бұл төлем бұрынғыдан өзгерек. Себебі, одан ешқандай салық та, зейнетақы төлемі де ұсталмайды және одан несие қарызы, коммуналдық қарыздарды ұстауға болмайды. Қолға  42 500 теңге тағайындалса, сол сома есепшотқа  түседі.Бүгінгі таңда төтенше жағдай кезінде республика бойынша бүгінгі күні 4,1 млн. астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалған. Strategy2050.kz төлемді алудың  жолын естеріңізге салуды жөн көрді. 



42500 теңге. Бұл төлем бұрынғыдан өзгерек

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері 42500.enbek.kz сайтына жіберген өтінімдерін және сол сайтта жазған өтініштері мен арыздарын тәулік бойы өңдейді.

 Еңбек министрлігінің қызметкерлері сайтқа келіп түскен әрбір өтінішті қарайды, өтініш берушілерге қателерді жоюға көмектеседі және сұрақтарға жауап береді.

“Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ”. Егер, азаматтар қателессе: 

 Әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген азаматтар ЖСН немесе банктік шоттың 20 таңбалы нөмірінде жиі қателер жібереді. Қазақстандықтар өтінімді көбіне ұялы телефон не компьютер арқылы толтырғандықтан сандардың орнын ауыстырып алады, не қате толтырып жіберіп жатады. Осындай жағдайға тап болған азаматтарға мамандар өтініш берушімен байланысып, азаматтарға жіберілген қателіктерді жоюға көмектеседі.

Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты азаматтардың әлеуметтік төлем алуға өтініштерін қарау - тәулік бойы жүргізіледі. 

Соңғы мәліметтер бойынша https://42500.enbek.kz сайтына 150 мың өтініш түскен. Оның ішінде 27 мыңнан астам өтініш тек 20 сәуір күні келіп түсті.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандары әрбір өтінішті жеке қарап, азаматтарға көмек көрсетеді.

Орталық қызметкерлері күніне орташа есеппен 5000 өтінішке жауап береді. Айта кетсек, 21 сәуір күні 13 мыңнан астам өтінішке жауап берілді. Мамандардың айтуынша, көптеген өтініштер бірыңғай жиынтық төлемге (БЖТ) қатысты.

«Жиі туындайтын мәселе: азамат 42500 теңге алуға өтінім жіберген кезде оған әлеуметтік төлем берілмейді деген жауап келді, себебі ол бірыңғай жиынтық төлемді төлемеген. Кейін ол БЖТ төлейді де, бірден қайтадан өтініш береді. Оған тағы да берілмейді деген жауап келеді. Себебі, Сіз төлеген БЖТ бірден базаға түспейді (банктік 3 күн қажет). Ал, жүйе өтінішті автоматты түрде қарайды да, төлем беруден бас тартады. БЖТ төленді деп базада шыққанша, азаматтар неге маған берілмейді? неге жоқ деген жауап келді? деп 5-6 рет өтініш жіберіп үлгереді. Біз осындай өтінішті көрген кезде азаматтың арызы бойынша базадан тексеріп, оған әлеуметтік төлем тағайындалғанын көріп, алаңдаудың қажеті жоқ, қаржы жақын уақытта шотыңызға түседі деп сабырлыққа шақырып, жауап жазамыз», - дейді орталық қызметкері Ардақ Абдельдинов.

Айта кетейік, ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 4 мекемені анықтаған болатын. Олар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 42500.enbek.kz сайты. Бұл сайтта  азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселелер қарастырылады. 

2) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы». Бұл мекеме азаматтар қате ұсынған банктік шоттың нөмірлері мен ЖСН-ін анықтап, өтініш берушілерге дұрыс деректерді қайта ұсыну үшін хабарлама жібереді. Азаматтардың түзетілген деректері негізінде оларға 42500 теңгені тағайындау үшін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на жібереді.

3) 1414 call-орталығы. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның 1414 call-орталығы жүгінген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдерді алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады.

4) 1411 call-орталығы. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ мемлекеттік корпорациясының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ тікелей жұмыс істейтін call-орталығы. Бұл жерде азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және төлемді беруден бас тарту туралы ақпарат ұсынылады.

Сондай-ақ, әр өңірге тиесілі телеграм боттар да жасақталған еді. Олар:

1. https://t.me/Help42500Bot 

2 https://t.me/JambylObl42500Bot (Жамбыл облысы) 

3 https://t.me/Kostanai42500Bot (Қостанай облысы) 

4 https://t.me/Karagandy42500Bot (Қарағанды облысы) 

5 https://t.me/Atyrau42500Bot (Атырау облысы) 

6 https://t.me/Turkistan42500Bot (Түркістан облысы) 

7 https://t.me/Aqtobe42500Bot (Ақтөбе облысы) 

8 https://t.me/Pavlodar42500Bot (Павлодар облысы) 

9 https://t.me/Mangystau42500Bot (Маңғыстау облысы)

 10 https://t.me/ZKO42500Bot (Батыс Қазақстан облысы) 

11 https://t.me/Qyzylorda42500Bot (Қызылорда облысы) 

12 https://t.me/SKO42500Bot (Солтүстік Қазақстан облысы) 

13 https://t.me/VKO42500Bot (Шығыс Қазақстан облысы) 

14 https://t.me/NurSultan42500Bot (Нұр-Сұлтан қаласы)

 15 https://t.me/Shymkent42500Bot (Шымкент қаласы) 

16 https://t.me/Almaty42500Bot (Алматы қаласы) 

17 https://t.me/AlmaObl42500Bot (Алматы облысы) 

18 https://t.me/Akmol42500Bot (Ақмола облысы)

Өңірлер бойынша деректерге тоқтала кетсек, Алматы облысы өтінім берген ең көп өңір болып отыр. Тұрғындар 1 млн-нан астам өтінім берген.

Түркістан облысында 386 239 азамат әлеуметтік төлем алып үлгерді.

Жалпы бүгінгі таңда 522 096 тұрғынның өтініші тіркеліп, 434 598 азаматқа төлем тағайындалып отыр.

Сондай-ақ, жәрдемақыны үшін ай сайын бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ.

Жамбыл облысында 235 мыңнан астам жамбылдық жәрдемақыға ие болды.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданды.

Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы – 21 019, Мойынқұм ауданы – 5 076, Сарысу ауданы – 6 851, Талас ауданы – 8 294, Т.Рысқұлов ауданы – 14 281 және Шу ауданы бойынша 21 875 адам.

Аталған жәрдемақыға түсіп жатқан өзге де өтініштер төтенше жағдай біткенше қарала бермек. Екінші мәрте де төленеді.

«Әлеуметтік төлемді екінші рет алу үшін екінші мәрте онлайн өтініш берудің қажеті жоқ.  Төтенше жағдайдың қанша күнге ұзартылғанына қарамастан екінші рет те сізге 42500 теңге төленеді. Бұл өзі сондай ерекше төлем түрі. Егер, мысалы, төтенше жағдай 5 күнге ғана ұзартылса да азаматқа 42500 теңге төленеді», - деп ескерткен еді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

 

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды