- Басты
- Жаңалықтар
- 42500 теңгені шілдеде алу үшін өтінішті қайда жібереміз
42500 теңгені шілдеде алу үшін өтінішті қайда жібереміз
Карантин шектеулеріне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге ТЖ кезіндегі ереже бойынша беріледі. Жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жәрдемақы алуға өтінім бере алады.
Бұл жолы көмек бір айға қарастырылған. Оператор - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Қаражат мөлшері шектеулі. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бір аптаның ішінде қаржылық мәселені шешуі тиіс.
Жұма өтініш тастауға арналған барлық портал жұмысы 17 шілдеден басталады, ал 20 шілдеден бастап әлеуметтік төлем азаматтардың шоттарына аударыла бастайды. Жалдамалы қызметкерлердің (аты-жөні, туған жылы, ЖСН, банк деректемелері) құжаттары жіберілуі тиіс. Бұл ақпарат негізінде шектеу шаралары кезінде табысын жоғалтқан жалдамалы қызметкерлер 42 500 теңге алады. Бұл шешім жалдамалы қызметкерлер тарапынан ақпараттың шынайылығын зерттеуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Жеке кәсіпкерлер бойынша да талаптар қойылмайды. Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, кәсіпкерлердің көбі жылына бір рет төлейді, ал кейбіреуі өз қызметін мүлдем тоқтатып қойды. Сондай-ақ штабтар қызмет мәртебесін нақтылайтын болады. Мәліметті алық есептері бойынша алуға болады. 40 мыңнан астам ЖК-мен де солай болған. Тексеру кезінде олардың өз қызметін жалғастыра отырып, алғашқы төлемді алғандарын көрсетті.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қайтадан бірыңғай жиынтық төлем төлеу керек емес.
Каспий және Халық банктеріне «қабылдау» платформасын жасауды ұсынылыпты. Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр.
Біржан Нұрымбетов әлеуметтік төлем үшін "декреттегі әйел" категориясы жоғын айтты. Төлем табысынан айырылғандарға, яғни, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға беріледі. Сондықтан бұл жағдайда белгілі бір сұрақ бар, біз ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдыңғы жолы төлемнің заңдылығына байланысты сұрақтар болды. Бұл жағдайда аталған категориядағы адамдарды ескереміз, бейсенбі ол қандай механизм бойынша жұмыс істейтінін хабарлаймыз", - деді Нұрымжанов ОҚК брифингінде.
Өтінімдер 42500.enbek.kz, e-gov сайттарында, telegram-бот каналында қабылданады.
Фото: ашық дереккөз
Айнара Байжан
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды