- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ 3 тілдегі дипломатиялық сөздікті таныстырды
ҚР СІМ 3 тілдегі дипломатиялық сөздікті таныстырды
«Сыртқы саясат тарихында алғашқы үш тілді дипломатиялық сөздік - қазақша-ағылшынша-орысша және орысша-қазақша-ағылшынша екі том болып жарыққа шығып отыр. Әзірге электрондық нұсқасы жоқ, бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Сөздіктердің әрбір томының тиражы - бес мың данадан», - деп хабарлады журналистерге берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Қайрат Сарыбай.
«Сөздіктер мемлекеттік органдар, университет кітапханалары, Қазақстанның шетелдегі ұйымдары, еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссиялар арасында таратылады. «Халықаралық қатынас» мамандығы оқытылатын білім орындарына ерекше көңіл бөлінеді. Қазір біз тағы бір ағылшынша-қазақша-орысша сөздігін дайындауды қарастырып жатырмыз», - деп толықтырды вице-министр.
Сөздіктер 2004 және 2006 жылдары жарық көрген қазақша-орысша және орысша-қазақша дипломатиялық сөздік-анықтамалықтардың негізінде құрастырылған. Жаңа сөздіктер қазақ тіліндегі дипломатиялық терминдер тобын одан әрі жүйелендіруді, сондай-ақ шет мемлекеттердің, олардың басты қалаларының және негізгі халықаралық ұйымдардың атауларын дұрыс жазу нормаларын қалыптастыруды көздейді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар