- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дағы «Алтын дән» компаниясы өнімдерінің 60 пайызы экспортталады
ОҚО-дағы «Алтын дән» компаниясы өнімдерінің 60 пайызы экспортталады
Серіктестікті аралау барысында облыс басшысы отандық өнімге мемлекеттік тапсырысты күшейтуге нақты жұмыс жоспарын құру керек екендігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында аймақ басшысы кəсіпкерлер үшін əкімшілік кедергілерді жою мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынып, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Компания сұранысы ең жоғары тағамдарды сапалы түрде өндірумен қатар, 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай компаниялар кәсіп ашып, жұмыс бастағысы келген азаматтарға тәп-тәуір үлгі деп білемін. Сондықтан, біз осы серіктестік секілді шағын және орта бизнес өкілдерін одан әрі көбейтіп, отандық өнімдер түрін көбейтуіміз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Айта кету керек, өз жұмысын 1998 жылы бастаған жергілікті «Алтын дән» кәсіпорны ел нарығында ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарында.
Бүгінгі таңда жұмыс күшін арттырған компания ұжымы «Қазақстанда жасалған» белгісі бар отандық өнімдеріміздің сапасымен Қазақстан нарығын ғана емес, алыс-жақын шет елдерді де мойындатып үлгерді. Серіктестікте жылына 8 мың тоннаға жуық макарон, 981 тонна сүт, 154 тонна ұн өнімдері өндірілсе, ұн өнімдерінің 60 пайызы көршілес мемлекеттерге экспортталады. Атап айтқанда, бұл өнімдер бүгінгі таңда Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстан мемлекеттерінде сұранысқа ие.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
Мәслихаттардағы партиялық тізімдер 60%-ға жаңартылады – Бауыржан Байбек -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті -
Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді -
Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус жұқтырды -
Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді -
Covid-19: Қазақстанда ауырғандардың 62 пайызы емделді