Жолдаудың басымдығы - бизнестің үлесін арттыру

3 Ақпан, 2017 20:43
Жолдаудың басымдығы - бизнестің үлесін арттыру, деді Елбасының Жолдауына қатысты пікірінде Алматы облысының, Балқаш ауданының Құрметті азаматы, «Бірлік» агрофирмасының бас директоры Әбдіжаппар Қыстаубаев.

«Бүгінде республикамыздың экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян. Осы ретте біз ел ертеңінің бұдан да нұрлы, бұдан да жарқын болатынын айрықша атап өткіміз келеді. Біз бұл ақиқатқа Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауымен танысу барысында көз жеткіздік», - деді Ә.Қыстаубаев.

Жолдау тақырыбының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталуының өзі тегін емес. Яғни, бұл – тағы бір түлеп, тағы бір жаңғыру жолы. Сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанның даңқын асырып, халқын шын мәніндегі Мәңгілік Елдің уайымсыз, қамсыз тұрғынына айналдырудың келесі бір сәтті қадамы деуге болады.

Елбасы бұл Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруының тетігі – бес басымдық пен кешенді үш міндетті белгілеп берді. Соның ішінде, өз кәсібіме орай маған қатты әсер еткені – екінші басымдық деуге болады. Онда  бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту көзделген.

«Елбасы екінші басымдық бойынша жасалуы тиіс қадамдарды да жіктеп, жіліктеп берді. Соның ішінде мына бір ақпарды ерекше атап өткім келеді. Жолдауда: «Бұдан былайғы жерде Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады» деп ашып көрсетілген. Мұның өзі Жолдау, сөзсіз ел мұратын көздеп, халық еңсесін тіктеу мақсатын ұстанып отыр деген сөз», - деді ол.

Барлық жаңалықтар