- Басты
- Жаңалықтар
- Президент Жолдауында Қазақстанның дамуы бойынша нақты іс-қимыл жоспары байқалады – депутат
Президент Жолдауында Қазақстанның дамуы бойынша нақты іс-қимыл жоспары байқалады – депутат
Асқар Бейсенбаев айтып өткендей, Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы – жаңа Қазақстанның идеяларын дамытып, нақтылайтын маңызды құжат, онда Қазақстанның дамуының анағұрлым маңызды бөліктері бойынша нақты іс-қимыл жоспары байқалады.
«Бүгінде елімізде ол үшін экономикалық мүмкіндіктер жасалған. Жолдау ілгерілеуге, инновациялық экономиканы дамыту мен Қазақстанды әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына ілгерілетуде жаңа сапалы серпінге бағыттайды», - деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ, бұрын мұндай міндеттерді шешу кезінде ресурстық әлеуетке, шетелдік инвестицияларды тартуға, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасауға және басқа да экономикалық факторларға баса назар аударылса, енді аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттің барлық саяси институттарын реформалау негізінде адами капитал сапасының әлеуеті алғаш рет ауқымды түрде тартылуда.
Ішінара өзгерістер Негізгі заң – Конституцияға және басқа заңдарға, Президенттің, Үкіметтің және Парламент палаталарының өкілеттіктерін қоса алғанда, билік тармақтарының қалыптасқан қарым-қатынастар жүйесіне қатысты болады.
«Шын мәнінде, Үшінші жаңғыру еліміздің экономикалық келбетін өзгертіп қана қоймайды, Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың толық кешенін барынша трансформациялау процесін іске қосты. Қазақстан әлемнің ең табысты және дамыған мемлекеттеріне бағдарлануы қажет», - деді Асқар Бейсенбаев.
Оның пікірінше, әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елінің қатарына ену міндетті шарт және кез келген ел үшін жаһандық әлемдік экономикада тең дәрежеде даму үшін мүмкіндік болып табылады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары