• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Аманат» қоғамдық сыйақысы жалпыадамзаттық құндылықты арттыруға бағытталған – Рахымбекова

«Аманат» қоғамдық сыйақысы жалпыадамзаттық құндылықты арттыруға бағытталған – Рахымбекова

3 Ақпан, 2017 16:48
«Аманат» қоғамдық сыйақысы жалпыадамзаттық құндылықты арттыруға бағытталған, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық G-Global хатшылығы басшысының орынбасары Салтанат Рахымбекова.

«Аманат» қоғамдық тану сыйақысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан және қызметі жасампаз еңбекке, игілік пен ақыл-парасатқа негізделген жалпы адамзат құндылықтарын нығайтуға көмектесетін адамдарды көтермелеуге арналған. 

Ұйымдастырушы G-global халықаралық хатшылығы сүймелдейміз. Мен осы Сыйақы Республика бойынша өз иелерін табады және еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық, мәдени өміріне жарық үлес қосқан адамдарға  бұйырады деп сенемін»,- деп атап өтті  Салтанат Рахымбекова.

Сыйақыны алуға үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсынады. Сыйақы «Бабалар аманаты», «Шынар»,  «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер»   номинациялары бойынша  ұсынылады. 

2017 жылғы 1 мамырына дейін өтінімдер қабылданады.  Өтінімдер облыстар, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалардың қоғамдық кеңестерінің негізінде құрылған Ұйымдастырушы комитетіне  беріледі.

 

Барлық жаңалықтар