- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Ұлттық банк жұмысына оң баға берді
Елбасы Ұлттық банк жұмысына оң баға берді
«Ұлттық банк өткен қиын жылда жақсы жұмыс iстедi. Қазiр мен Ұлттық банктiң банктердi алдын ала бақылау, реттеу мүмкiндiгiн заңды түрде күшейту мiндетiн қойдым. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктiң iсiне араласуды елдiң қаржы жүйесiне араласу деп есептеп, жазалау керек»,- деді Елбасы.
«Мен Ұлттық банк тәртiп орнатқан сайын банктiң төрағасына шабуыл күшейiп отырғанын байқап отырмын. Мен Ұлттық банк төрағасын 100 пайыз қолдаймын. Мұны акционерлер, осы залда отырғандардың кейбiрiнiң демеушiлерi iстейдi. Ешкiмнен қорықпа, ешкiмнен!», - дедi Елбасы.
Президент банк жүйесiндегi қиындықтарға тоқталды.
«Банктер әлсiз, 80 пайыз активтер бар болғаны төрт банктiң қолында. Әлемде дағдарыс басталған кезде iрi компаниялар бiрiктi. Банктердi сақтап қалғысы келсе бiрiксiн. Басқа жол жоқ. Батыл iске кiрiс, ешкiмнен қорықпа. Кедергi келтiретiндер болса, маған аты-жөндерiн айт», - деп қадап айтты Елбасы.
Айта кетейiк, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, Үкiметте өтуде.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі