- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Қаржы министрлігіне ведомстволарға бюджетті игеруді міндеттемеуді тапсырды
Н. Назарбаев Қаржы министрлігіне ведомстволарға бюджетті игеруді міндеттемеуді тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өткен жылы бюджеттің орындалуы 98,2% құрағандығын атап өтті.
Оның айтуынша, жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет бойынша 110 млрд теңге үнемделген. Алайда 36 млрд теңге игерілмеген.
Осы жерде министрдің сөзін Мемлекет басшысы бөліп, қаржыны игере алмаған министрліктерге бөлінетін ақшаны азайту қажеттігін қадап айтты.
«Ақшаның игерілуі деген термин бар. Жыл бойына ақшаны алмай келеді. Ал жылдың аяғына келген сен оны (ҚР Қаржы министрі – ред.) «ақша игерілмеді» деп айтпасын деп қараша, желтоқсан айында қаржыны қайтадан жан-жаққа шашасың.Сондықтан игерілмеген жердегі ақшаны алып, оны басқа жерге аудару керек. Бюджет ақшасын алу үшін әрбір министрлік келіп, бізге беріңдер дейді. Демек олардың бұл ұсыныстары орынсыз болғаны ғой. Егер ақшаны (министрлік- ред) игере алмаса, оны сол қаржыны тиімді игеретіндерге беру керек. Болды. Оларды игер деп талап қоюдың қажеті жоқ.
Ал, келер жылы ол ведомствоға бөлінетін қаржыны азайту керек. Сонда олар қаржыны игеретін болады. Сен мейірімдісің. Барлығына бере-бересің», - деді Елбасы.
Айта кетейік, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 1,0% құрады. Экономиканың өсіміне құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және өңдеу өнеркәсібі сияқты секторлар оң ықпал еткен.
2017 жылдың 1 қаңтарында елдің халықаралық резервтері 90,8 млрд долларды, ал ұлттық банктің алтын валюта активтері 29,8 млрд долларды құрады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады