- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2 мыңға жуық импорттық тауарлар отандық тауарларға ауыстырылады
Қазақстанда 2 мыңға жуық импорттық тауарлар отандық тауарларға ауыстырылады
ҚР ИДМ «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ-да Қазақстанда ірі компаниялардың технологиялық процесі үшін қажетті тауарлардың қажеттігіне толық талдау жүргізіліп, отандық тауар өндірушілердің әлеуеті зерттелгені хабарланды.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «NADLoC» АҚ сарапшылары 5 салада бүгінгі күні 387 млн доллар сомасына шетелдік өндірушілерден сатып алынатын 2 мыңға жуық тауарлар позициясын анықтады.
Мамандар импортты алмастыру мақсатында жаңа өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру кезінде жоғарыда көрсетілген сома Қазақстан экономикасына жұмыс істейтінін атап өтті.
«Жүйе құрушы ірі компаниялар да өз тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көретуге дайын. Мысалы, «Казцинк» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС шағын және орта бизнестің тауар өндірушілерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасауға және жергілікті кәсіпорындардан бар тауарларды сатып алуға дайын», - делінген хабарламада.
Осы компаниялар отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шығарылатын өнім желісін кеңейтуге, сондай-ақ оның сапасын жақсартуға бағытталған жоғарыда аталған үшжақты келісімге қол қоюға қатысты.
Осыдан басқа, мемлекет қазақстандық кәсіпорындарға жыл сайын қолдау көрсетеді. Мұндай қолдау құралдарының бірі «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясында жалпы танылған халықаралық стандарттар бойынша өз тауары сапасының сәйкестігін растаған барлық отандық өндірушілер ала алатын сапа менеджменті жүйелері мен өнімді сертификаттау бойынша шығындардың бөлігін өтеу болып табылады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды