ИИДМБ: Павлодарда 110,4 млрд теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылады

3 Ақпан, 2017 14:32
Павлодарда 2017 жылы ИИДМБ-ның кәсіпкерлік картасы бойынша 110,4 млрд. теңгенің көлеміндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2017 жылы инвестициялардың жалпы көлемі 157,6 млрд. теңгені құрады.Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру барысында кем дегенде 100 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Қала билігінің құрылыс саласында да ауқымды жоспарлары бар.  Ағымдағы жылы өткен 2016 жылы «Сарыарқа» шағын ауданындағы үш үйдің құрылысын аяқталады деп күтілсе, сонымен қатар тағы да жеті үйдің құрылысына қажетті ЖСҚ-ы әзір. 

Қала көшелерінің жабындыларын жаңарту мақсатында автомобиль жолдарының 11 учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Ленин саябағы, Саяжай мөлтекауданы, Балалар темір жолы аудандарындағы тынымбақтар абаттандырылып, Усолка өзенінің ағын каналында байдаркалы спортқа арналған база құру жұмыстары жүргізіледі.  

Ағымдағы жылы көпқабатты үйлердің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  Қала бойынша стрит-воркаут, стритбол, хоккей корты, шағын футбол алаңы, көше тренажерлері, балалардың ойын алаңы оналасатын  8 инклюзивті алаңның құрылысы басталды.

Барлық жаңалықтар