• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысының Жолдауында негізділік, тереңдік және салмақтылық бар – Көлгінов

Мемлекет басшысының Жолдауында негізділік, тереңдік және салмақтылық бар – Көлгінов

3 Ақпан, 2017 10:57
Мемлекет басшысының Жолдауында негізділік, тереңдік және салмақтық бар, деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жөніндегі отырыс барысында.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, Мемлекет басшысының Жолдауында негізділік, тереңдік және салмақтық бар.

«Бұл құжат еліміздің алдында тұрған көптеген өзекті мәселелердің қазіргі заманға сай жауабы болып табылады. Биылғы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы Жолдауы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Осы жерде қатысып отырғандардың көпшілігі өздерінің өмірлік тәжірибесіне негізделе отырып, еліміздің тәуелсіздік таңында қандай қиындықтардан өткенін біледі. Және 25 жыл өткеннен кейін Мемлекет басшысы  Қазақстанның күн сайын бәсекеге анағұрлым қабілетті болуы үшін біздің алдымызға жаңа міндеттер қоюда», – деп атап өтті А. Көлгінов.

Отырысқа қатысушылар Жолдауда айтылған міндеттер мен шешу жолдары Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік бағытындағы, соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді іске асыру бойынша одан әрі дамуының маңызды векторына айналатынын айтты.

Президент өз Жолдауында біздің экономикамыздың күрделі жағдайына қарамастан, 2017 жылға жоспарланған барлық әлеуметтік бағдарламалар, соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы да іске асырылатынын айтып өткен болатын. Осы бағдарламаның арқасында 1,5 миллионға жуық қазақстандық отбасы жеңілдікті шарттарда тұрғын үй алады, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылар, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірқатар жеңілдіктер ұлғайтылады.

Облыс белсенділерінің жиналысына қатысушылар отырыс қорытындылары бойынша қарар қабылдады, онда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын қолдау және оны іске асыруға қабылдау, халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсынымдар қабылданды. 

Барлық жаңалықтар