- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлы жол: Петропавл қаласында 2016 жылы 3 білім беру нысаны салынды
Нұрлы жол: Петропавл қаласында 2016 жылы 3 білім беру нысаны салынды
«2015 жылы Петропавл қаласында «бюджеттiк несиелеу» бағдарламасының бағыты бойынша жылумен және сумен жабдықтау бойынша 2 млрд. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды.2016 жылы бюджеттiк несиелеу бағдарламасы аясында 3,2 млрд. теңгеге 6 жоба, оның iшiнде 2 сумен жабдықтау бойынша, ал 4-уi су тарту бойынша жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.
2016 жылы 3 жоба пайдалануға берiлдi. 2017 жылы бюджеттiк несиелеу бағдарламасы бойынша 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Кейiн «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттiк бағдарламасы туралы құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамедиев баяндады.
2015-2016 жылдары 3 мектептiң құрылысына 3,2 млрд. теңге қаражат бөлiндi. Игерiлген қаражат есебiнен 3 бiлiм беру мекемесi пайдалануға берiлдi.
Мекеме басшысы бұл шаралар Солтүстiк Қазақстан облысында үш ауысымды бiлiм беру мәселесiн шешу мен мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде орын тапшылығын азайтуға мүмкiндiк бергенiн атап өттi.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиалының директоры Асқар Жанкин осы бағдарламаның аясында «Көлiк-логистикалық инфрақұрылымын дамыту» бағыты бойынша облыстағы республикалық маңызы бар жолында «Астана-Щучинск-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасы» транзиттiк дәлiздiң жол учаскелерiн жаңғырту бойынша жобаларын жүзеге асыру туралы хабарлады.
Жалпы 2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының шекарасында ұзақтығы 143 шақырым болатын «Көкшетау-Петропавл» дәлiзiнiң қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары