- Басты
- Жаңалықтар
- 2017-2019 жылдары қарағандылық жетім балаларға 213 пәтер беріледі
2017-2019 жылдары қарағандылық жетім балаларға 213 пәтер беріледі
«Бүгінде облыста жетім балаларға арналған 25 ұйым жұмыс істеп тұр. 1274 адам мемлекет қамқорлығына алынған, олардың 262 жетім балалар. Ата-ана қарауынсыз қалған 1012 бала бар. Ата-ана қаморлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Бұл шаралардың басты міндеттерінің бірі – жетімдерді баспанамен қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.
2014 және 2016 жылдар аралығында 510 пәтер бөлінген, олардың 314 немесе 62% мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінсе, басқасы «Еңбекті жол картасы -2020», «Аудандарды дамыту 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары аясында бөлінген.
Жалпы осы көрсетілген уақыт ішінде 194 пәтер бөлінбей қалды. Бұл Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай, Жаңаарқа, Ұлытау, Ақтоғау аудандарындағы жұмыс көлемінің жеткілікті орындалмауы салдарынан болған.
Қарағанды әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сай, Жастар ісі жөніндегі басқарма тарапынан жетім балаларды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды пәтермен қамтамасыз етудің 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалды.
Бұл бойынша, 2017-2019 жылдары 213 пәтер бөлу жоспарлануда, олардың ішінде 79 пәтер 2017 жылы, 2018 жылы 64 пәтер, 2019 жылы 70 пәтер бөлінеді.
Айта кету керек, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатында мемлекеттік тұрғын үй қорына кезекке тұрған азаматтардың саны 6730 адам.
Бұдан бөлек, Кешендік жоспарда бөлінген тұрғын үйді сақтау, жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету және тұрғын үй бөлудің мониторингін жүргізу қарастырылған.
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді