- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап арта түседі
Н.Назарбаев: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап арта түседі
Қазақстан халқына және Президентіне Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы А.Смолин, Бас прокурор Ж.Асанов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылық лауазымдағы бірқатар тұлғалары, Үкімет мүшелері, облыстардың және Алматы қаласының әкімі салтанатты түрде ант берді.
Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап арта түсетінін атап өтті.
«Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайлары жиі кездесіп жатады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын құқық бұзу жайттары мемлекеттік қызметтің ғана имиджіне емес, жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне теріс әсерін тигізеді», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жиналған мемлекеттік қызметшілердің бәріне алдағы цифрлық дәуір талабы жаңашыл шешімдерді, оларды тиімді іске асыра алатын жетекшілерді қажет ететінін айтты.
Қазақстан Президенті ел дамуының жаңа кезеңінде маңызды орын алатын өңірлік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне тоқталды.
«Бұл жұмысты атқару әкімдерге жүктелген. Оларға тиісті өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берілді. Біз жұртты бизнеспен айналысуға үйретуге тиіспіз», – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саланың ұдайы назарда болатынын жеткізді.
«Экономика мен әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер саяси жаңғырумен қатар жүреді. Алдағы уақытта билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу Парламенттің, Үкіметтің және жергілікті мемлекеттік органдардың рөлін арттыратын болады. Сондықтан кешіктірмей, мүлде жаңаша жұмыс жүргізе бастау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы елдің басқарушы корпусы алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен күрделілігін, ол саяси мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілік талап ететін атап өтті.
«Сіздер халықтың мүддесіне мінсіз қызмет етіп, өз міндеттеріңізді абыроймен атқарады деп сенемін. Біз тәуелсіздігімізді нығайту жолында және Қазақстанның жарқын болашағы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз», – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды