- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет «Тактик» оқыту курстары басталды (ФОТО)
Қазақстанда алғаш рет «Тактик» оқыту курстары басталды (ФОТО)
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған курстар алғаш рет өткізілуіне орай, Құрлық әскерлері басшылығының қатысуымен бүгін ашылу рәсімі өтті. Оқыту курстары Құрлық әскерлері әскери институтының базасында ұйымдастырылды.
Курстың оқыту мерзімінің ұзақтығы бір ай. Осы уақыт ішінде батальон командирлері әскерлерді басқару мәселесінде дербес даярлық деңгейін сапалы арттыруы, сеніп тапсырылған бөлімшелерді өздерінің әскери мақсаттарына сәйкес епті қолдана алу дағдыларын, сонымен қоса алған жаңа білімдерін меңгеруі қажет. Қарулы Күштердің жоспарға сай техникалық жабдықталуын жаңартуын ескерер болсақ, аталған курстың тағы бір мақсаты заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеу болып табылады.
Осы орайда, батальон командирлері далалық жағдайларда техникалар мен қаруларды пайдалану ерекшеліктерін зерделеп, оларды әскери оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде тиімді қолданатын болады. Оқытудың негізгі пәні тактикалық даярлық болмақ.
Оқу-жаттығу пәндерін сапалы пысықтау мақсатында шынайы әскери жағдайға барынша келтіру үшін жауынгерлік, артиллериялық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің, өткелдермен жасалған миналанған жерлердегі, блокпост және басқа көптеген нысаналар жабдықталды. Батальон командирлері оқытуды бастар алдында медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден өтіп, дене даярлығы және жалпыәскери жарғылар бойынша сынақ тапсырды.
Оқыту курсын аяқтауы бойынша офицерлер кешенді емтихан тапсырады. Олар алған білімінің кәсібіне сәйкестігін растауы тиіс. Аталған тексерулердің нәтижелері әскери қызметшілердің кәсіби жарамдылығы туралы ұсыныстарымен бірге курстарды оқыту қорытындысының негізгі талдауына кіреді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті