Алматыда Тәуелсіздік күніне орай Кенен Әзірбаевқа ескерткіш ашылды

13 Желтоқсан, 2013 12:23
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында халық ақыны, әнші Кенен Әзірбаевқа салтанатты түрде ескерткіш ашылды, деп Алматы облысының ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Кенен Әзірбаев – біздің еліміздің мақтанышы. Оның артында қалған мұрасы шексіз. Кенен Әзірбаев қазақ халқының өмірін, әр адамның басындағы арман мен мұңды жырлады», - дедіАхметжан Есімов.

Қалалықтар алдында сөйлеген сөзінде әкім мәдени мұраны сақтаудың зор маңызы бар екендігін айтты. Ол үшін мемлекетті құруға қатысқандарды еске түсірген жөн. Қала басшысы жас ұрпақты ата-баба рухымен тәрбиелеу қажеттігіне тоқталды.

Кенен Әзірбаев – Жамбылдың оқушысы және оның ісін жалғастырушы. 150-ден астам өлең жазып, музыка шығарған.

 

 

 

Барлық жаңалықтар