• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-ның 50-ден астам тауар өндірушілері түрік инвесторларына өз өнімдерін ұсынды (ФОТО)

ОҚО-ның 50-ден астам тауар өндірушілері түрік инвесторларына өз өнімдерін ұсынды (ФОТО)

2 Ақпан, 2017 18:57
Шымкентте өтіп жатқан «Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының» екінші күні аясында 50-ден астам отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін Сіздерге қосымша өңіріміздегі ең тартымды инвестициялық жобалармен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын да көрсететін боламыз. Сонымен бірге, облыста инвесторларға көрсетілетін қызметпен де танысасыздар. Маңызды шараға кәсіпкерлерге барлық кезде де қолдау білдіретін қаржылық даму институттары да арнайы қатысуда. Бұл инфрақұрылымдық, қаржылық және сервистік қолдаулар мемлекет тарапынан көрсетілетінін айта кеткен жөн. Сіздерге өздеріңіздің жобаларыңызға қатысты сұрақтарыңызды қоюларыңызға толық мүмкіндік бар», - деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, мұнда қойылған өнімдердің басым бөлігі Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындарында өндіріледі.Ал ұсынылған 20-дан астам инвестициялық жобалар логистика және көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, энергетика, мәдениет және туризм салаларына қатысты болды.

Үш күндік форум аясында түрік кәсіпкерлерімен В2В кездесулері ұйымдастырылады деп күтуде. Онда Түркия мен Қазақстан тараптары маңызды мәселелерді көтеріп, бірқатар жобалар бойынша пікір алмасатын болады.

 11 сектордан тұратын В2В кездесулерде азық-түлік, тоқыма, химия өнеркәсібі, медицина және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм, логистика, құрылыс индустриясы, машина жасау және металлургия салалары мен туризм саласының жетекшілері нақты жобалар аясында келісімдер келеді деген жоспар бар.

 

Барлық жаңалықтар