- Басты
- Жаңалықтар
- Нидерландыда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі туралы сайт жұмыс істей бастады
Нидерландыда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі туралы сайт жұмыс істей бастады
Интернет-ресурс Нидерландының Сауда және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің электрондық порталы базасында әзірленген. Сайтта голландиялықтардың баламалы энергетика саласындағы озық технологиялар мен инновацияларды әзірлеудегі жетістіктерін көрсететін Нидерландының ЭКСПО-2017 көрмесіндегі логотипі мен «Low Land, High Energy» ұраны алғаш рет ұсынылды.
Интернетті пайдаланушылар сайттан ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Нидерландының ұлттық павильоны, көрмеге қатысушылар мен оның қонақтары үшін электрондық өтінім жіберу мүмкіндігімен іс-шаралар бағдарламасы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстандағы пайдалы байланыс деректерін таба алады.
«Қазақстанда бизнесті жүргізу» тарауында Астанада өткізілетін көрме голландиялық кәсіпкерлерге баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы, «жасыл» технологиялар және инновациялар саласында іскерлік байланыстарды реттеу үшін кең мүмкіндіктер беретіні атап өтілген. Сайтта Нидерландының 2017 жылғы маусым-қыркүйек аралығындағы кезеңде жоспарланған Қазақстандағы сауда миссиялары туралы ақпарат орналастыру жоспарлануда.
Студенттермен – «болашақ новаторлар ұрпағымен» жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлу жоспарланған. ҚР СІМ ЭКСПО көрмесінде Нидерланд делегациясы голландиялық және қазақстандық студенттер арасында білім алмасуды көздейтін «Innovation Challenge» акциясын өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, ресми сайттың ашылуы қарсаңында ҚР-ның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов және Нидерландының Ұлттық комиссары Ханс Дриссер голландиялық делегацияның 22-23 ақпанда Астанада көрменің халықаралық комиссарларының үшінші жиналысына қатысу үшін Қазақстанға алдағы сапарымен байланысты мәселелерді талқылады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары