- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 2016 жылы 1 мыңнан астам үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді
Маңғыстау облысында 2016 жылы 1 мыңнан астам үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді
Түпқараған ауданы бюджетінің 2016 жылға нақтыланған кіріс жоспары 9 млрд. 60 млн. теңгені құрап, оның 100% орындалған. Өткен жылы аудан бойынша 251 жаңа ғимарат бой көтерген.
Сайын Шапағатов ауылындағы жаңадан салынған тұрғын үйлер, яғни 1143 телім газбен қамтылып, ішкі су жүйесі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта электр қуатымен қамту бойынша осы ауылдың 5-нші және 6-ншы кварталдарында құрылыс жұмыстары басталып, Ақшұқыр ауылындағы резервуар мен селоішілік су құбырларының құрылысы жүргізілуде.
Ұзындығы 72 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуге өткен жылы бюджеттен 42 млн. теңге, Форт-Шевченко қаласының ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 68 млн. теңге қаралып, толықтай игерілген.
Түпқараған ауданы бойынша бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысын салу үшін 20 789 азамат кезекте тұр. Форт-Шевченко қаласында 900 учаскеге газ желісі мен электр жүйесін жүргізу үшін жаңа жоба жасақталған.
Аз қамтылған тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында 17 отбасының 96 тұрғынына аудандық бюджет арқылы 1,1 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 18-ге дейінгі балалары бар отбасыларға 2,4 млн. теңге қаржы көлемінде көмек көрсетілген.
«2017 жылға жоспарланған ауданның даму жоспарында көзделгендей, Форт-Шевченко қаласының ЖаңаКетік аумағына газ желісі құрылысын жүргізу, Сайын Шапағатов ауылынан жаңа мектеп құрылысын бастау, бұрынғы туберкулез ауруханасы ғимаратын, Мұрын Жырау мұражайын жөндеуден өткізу, сондай-ақ, басқа да автомобиль жолына, әлеуметтік нысандар құрылыстарына және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалардың құжаттарын аяқтап, қаржыландыру мәселелерін шешу алдыңғы кезекте тұр», - деді Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов.
Аудан әкімінің есебінен байқағанымыздай, тұрақты экономикалық ахуалды сақтау бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізілген. Жалпы алғанда әкім алдына қойылған міндеттер мен тапсырмаларды толығымен орындады. Алайда, әлі де болса шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Сондай-ақ, халық санының өсу қарқынын ескере отырып, облыс мектептерінде үш ауысымды оқытуды болдырмау мақсатында біз жүйелі жұмыс жүргізудеміз.
Республикалық бюджеттен 2017 жылы даму трансферттері есебінен 8 жаңа мектептің, оның ішінде Сайын Шапағатов ауылында 600 орындық мектеп құрылысын бастаймыз. Сонымен қатар, ауылішілік жолдарды дамыту жұмыстары жүргізіліп келеді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары