- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Қазпочта бөлімшесі қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті (ФОТО)
Қызылордада Қазпочта бөлімшесі қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті (ФОТО)
«Бүгінгі күні елімізде 100-ге жуық бөлімше модернизация бағдарламасынан өтуде. Сонымен қатар, клиенттер арасында өзін танытып үлгерген әрі өзінің тиімділігін дәлелдеген сәлемдемелер супермаркеттері ашылуда. Бұл клиенттерімізге сервисті және қызметтерді ұсынудағы жеделділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін, жаңа көп функционалды бөлімшелер жобасы» - деп «Қазпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әнуарбек Әбдімомынов мәлімдеді.
Жаңартылған Орталық бөлімше енді клиенттер үшін бірнеше залдарға бөлінген: пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық залдар, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны, сәлемдемелер супермаркеті, өзіне-өзі қызмет көрсету орны және айырбастау пункті.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, орталық залда клиенттерге қызмет көрсету форматы, ішінара, ыңғайсыз кабиналардың орнына – сәлемдемелер супермаркетіне алмастырылады.
Осы формат қазірдің өзінде өзін таныта білді. Ол компанияның өндірістік шығыстарын айтарлықтай қысқартуға, персоналға және қосымша алаңға қаражатты жұмсамай өткізу мүмкіндігін арттыруға, ал клиент үшін – сәлемдемені жіберуге және алуға арналған уақытты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, клиенттер үшін аптасына бес күн корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны жұмыс істейді.Өзіне-өзі қызмет көрсету орнына постамат, банкоматтар мен төлем терминалдары кіреді. Айырбастау пункті секілді, осы қызмет көрсету орны тәулік бойы жұмыс істейді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды