- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдың қаңтарында шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 480 рұқсатнама берілді
2017 жылдың қаңтарында шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 480 рұқсатнама берілді
Рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет тікелей жергілікті атқарушы органдармен қоса «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезе» принципі арқылыда жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты ерекше жағдайларды орындау, ішкі еңбек нарығында іздеу жүргізу және шетелдік жұмысшыларға кепілдік жарна енгізу бойынша әкімшілік талаптар жойылды.
Осы ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл 290 мың мен 530 мың теңге аралығы.
Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни: басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде 70 %, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде 90 %.
2017 жылдың қаңтарында жергілікті атқарушы органдармен 210 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 480 рұқсат берілді, өз кезегінде жұмыс берушілермен 182,8 млн. теңге мөлшерінде салық алымдары төленді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді