• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жолдаудағы басымдықтармен ең алдымен жас буын танысуы керек – мәдениет қайраткері

Жолдаудағы басымдықтармен ең алдымен жас буын танысуы керек – мәдениет қайраткері

2 Ақпан, 2017 12:58
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

ҚР ҰАК Ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің менеджері Бекзат Смағұлов өз баяндамасында Елбасы Жолдауында қойылған міндеттер туралы, ең алғашқы кезекте, қазақстандықтардың жас буыны хабардар болуы қажет екендігін тілге тиек етті.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы нақты айтылады. Бұл мақсатпен зейнеткерлерге төлінетін ақылар, түрлі әлеуметтік төлемдердің деңгейін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық саланы жаңғырту бойынша міндеттер қойылады»,- деп пікірімен бөлісті Б. Смағұлов.

Ол айтқандай, бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің үздік 50 елдің қатарында, алайда алдымызда үздік отыздыққа ілігу мақсаты тұр.

Сондықтан біздер, қазақстандықтар, білім деңгейімізді, құқықтық және қаржылық сауаттылығымызды жоғарылатып, жан-жақты дамуымыз қажет, әсіресе, бұл жастарға қарап айтылатын сөз.

 

Барлық жаңалықтар