Елбасының кезекті Жолдауы –атқарылған жұмыстардың жалғасы – А.Баталов

2 Ақпан, 2017 12:36
Алматы облыстық әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына орай актив жиыны өтті.

 «Әлемдік дағдарыс жағдайында қабылданған нақты шаралар өзінің  тиімділігін көрсетуде. «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуда. Жақында ғана Елбасы өкілеттілікті қайта бөлу жөнінде шешім қабылдап, конститутциялық реформалар бағдарламасын ұсынды. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауы сол жұмыстардың нақты жалғасы. Биылғы Жолдау аясында Елбасы бес басымдылықты көрсетіп, нақты міндеттер қойды», -  дей келе А. Баталов бес басымдыққа жеке-жеке тоқталып, оларды облыста жүзеге асырудың мүмкіндіктері жайлы баяндады.

Экономикамыз әлемдік даму үрдісінен қалмай, тұрақты өркендеуі үшін цифрлы технологияны барлық салаларға кеңінен енгізуге назар аударылатынын айтты.

Сонымен қатар бизнесті дамытуға барынша жағдай жасап, Алматы облысында жолға қойылған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану аясын одан әрі кеңейту қажеттігіне айрықша тоқталды.

Жетісу өңірі аграрлық бағыттан аграрлық-индустриалдық бағытқа бет түзеп келеді. Бұл орайда өңдеу өнеркәсібін дамыту ісі жалғастырылып, әсіресе, ауыл шаруашылығына жаңа технологияны енгізу аса маңызды міндет болмақ. Сондай-ақ облыс әкімі өз сөзінде экспортқа бағытталған кәсіпорындарды өркендету, ауыл шаруашылығында кооперативтер құру, жерді тиімді пайдалану, жаңа жұмыс орындарын ашу, маргинал жастарды оқытуға, оларды жұмыспен қамтуға айрықша көңіл бөлу мәселелерін де қамтыды.

 

Барлық жаңалықтар