- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзиялық сарапшылар халал индустриясы саласында диагностикалық миссия өткізді
Малайзиялық сарапшылар халал индустриясы саласында диагностикалық миссия өткізді
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бастамасы бойынша Ислам даму банкі және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) бірлесе жүзеге асырып жатқан «Reverse linkage» (Кері байланыс) жобасы аясында 2017 жылғы 25 қантарда Қазақстанға Халал индустриясы саласында малайзиялық органдардың өкілдері келді.
Халал саласындағы халықаралық сарапшылар елімізде аталған саланы дамыту бойынша диагностикалық миссия өткізу мақсатында келді. Бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері (ауыл шаруашылығы министрлігі, дін істері және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттері) және басқа да ұйымдар тартылды.
Талқылау барысында JAKIM өкілдері (Малайзия Премьер-министрі Әкімшілігіндегі Ислам істері бойынша Малайзия департаменті), Standards Malaysia стандарттау бойынша органы және Малайзия ғылыми-зерттеу институты Mardi Holdings қатысушыларды Халал индустрия саласындағы малайзиялық органдардың қызметімен таныстырды.
Сондай-ақ, жоба аясында малайзиялық сарапшылар Астанада тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорында болды.
Нәтижесінде, малайзия сарапшылары үш негізгі компонентті есепке ала отырып, сапалы инфрақұрылым құрауды ұсынды. Мысалы, стандарттар әзірлеу, халал өнімдерін тану мен сертификаттау мәселелерін реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау; экспорт мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мүдделі кәсіпорындарды тарту.
Малайзиялық сарапшылар диагностикалық миссия қорытындысы бойынша Қазақстанда халал индустрияны кезең-кезеңімен құру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер