- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2017 жылдың мамыр айында геронтология қызметі бойынша check-up орталық ашылады
Астанада 2017 жылдың мамыр айында геронтология қызметі бойынша check-up орталық ашылады
Әкім Әсет Исекешев атап көрсеткендей, бағдарламада халық денсаулығын басқарудың сектораралық жүйесіне көшу қарастырылған.
«Мемлекет басшысы денсаулық көп жағдайларға байланысты деп бірнеше рет айтқан болатын: Бірінші – салауатты өмір салты, бұқаралық спортты дамыту. Екінші – сапалы тамақтану. Үшінші – сапалы ауыз су. Төртінші – экология. Бесінші – денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы. Осы 5 бағыттың әрқайсысы бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет. Бірақ олар өзара байланысты болуы тиіс» - деп мәлім етті қала басшысы.
Астана әкімі балалар және бұқаралық спортты дамытуды жалғастыруды тапсырды.
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовтың ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта тұрғындардың денсаулығын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Аймақтың әлеуметтік саулығының басты көрсеткіштерінің бірі азаматтардың өмір сүру ұзақтығының болжамы болып табылады. Астанада аталған көрсеткіш соңғы үш жылда 74,3 -тен 75,4 жасқа дейін ұзарды және ел бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.
Үш жылда бала өлімі жаңа туған 1000 сәбиге шаққанда 7,5-тен 6,4-ке дейін төмендеді, ал ана өлімі 100 мыңға 16,3-тен 7,3-ке дейін төмендеген және бұл қарқын үстіміздегі жылы да сақталып отыр.
Сондай-ақ, бүгінгі күні Астанада тұратын халықтың 24% белсенді түрде спортпен шұғылданатыны айтылды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірінше, бұл көрсеткіш 30%-ға жетіп, одан асқан кезде халықтың қан айналымы жүйесінің ауруларынан және онкологиялық аурулардан өлім деңгейі едәуір төмендейді.
Қадамдық қолжетімділік жобасы шеңберінде бірыңғай электрондық медициналық карта құрылды. Жоба Astana Innovations АҚ-ымен бірлесіп әзірленді. Қазір барлық жұмыстар аяқталды. 1 ақпаннан бастап оны барлық медициналық мекемелер бойынша енгізу жоспарланған. Аталған жүйе дәрігерлерді қағаз құжат айналымынан босатуға мүмкіндік береді, ал ауруханалар мен емханаларда тіркеу орындарынан картаны және мұрағаттан ауру тарихын іздеместен, Бірыңғай ауру тарихы толтырылатын болады.
«Бізде геронтология қызметі жоқ. Үстіміздегі жылдың 9 мамырына қарай біз осы батыл жобаны толық дайындап шығарамыз. 4-ші қалалық емхананың базасында біз соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, қарттарға және көп балалы аналарға арналған заманауи check-up орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Аталған орталық толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақталатын болады. Барлығы бір жерде орналасып, қарт адамдардың игілігіне жұмыс істейді», - деді Е. Байжүнісов.
Кеңес барысында әкім бүгін халық денсаулығын басқару жүйесінің бесінші бағыты ғана қаралғанын атап көрсетті. Яғни, денсаулық саласында көрсетілетін қызметтер сапасы. Алдағы уақытта жоғарыда аталған жағдайларды іске асыру үшін Әсет Исекешев дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына, экология департаментіне, коммуналдық шаруашылық басқармасына бағдарламаның мақсаттарын ескере отырып, өз жоспарларын пысықтауды тапсырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды