- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды
Жамбыл облысында 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 7 млн 540,0 мың теңге қаражат бөлініп, «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты» ЖШС мамандарымен бірлесе отырып, шаруашылықтар арасында ауыл кооперацияларының қағидаттары мен тетіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандарда шаруашылық жетекшілерімен жалпы 44 семинар-кеңестер өткізіліп, 1000-ға жуық арнайы әзірленген кітапшалар мен буклеттер таратылды.
Нәтижесінде бүгінгі күні облыста 27 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, Әділет басқармасынан тіркеуден өтсе, 23 ауыл шаруашылығы кооперативтері қайта тіркеуден өтіп, облыста бүгінгі күні 700-ге жуық ұсақ шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтар мүшелері біріктіріліп, 50 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған.
Сонымен қатар, облыста сүт кластері бойынша 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құрамына 57 шаруашылық біріккен. Егін шаруашылығы бағытында 36 кооператив құрамына 631 шаруашылық біріксе, мал шаруашылығы бағытында 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив құрамына 68 шаруашылық біріккен.
«Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану есебінен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу» жоспары бойынша облыста сүт бағытында 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 50 жеке қосалқы шаруашылық мүшелікке тіркелсе, ет бағытында 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрамына 116 жеке қосалқы шаруашылық біріккен.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыс бойынша 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 6-ы жеке қосалқы шаруашылықты біріктіру арқылы ет, сүт, көкөніс, құс шаруашылығы өсіру бағытындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру.
Осы орайда, жеке жоспарға сәйкес аудандарда ұсақ шаруашылықтарды жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес, ұсақ кооперативтер құрылымдарына біріктіру жұмыстарын жандандыру мақсатында ағымдағы жылы «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми зерттеу институты» мамандарымен бірлесе отырып, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге және Шу ауданында көтерме-сауда орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 16,7 млн теңге қаражат қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр