- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: қазақстандықтардың 74%-ы соттар жұмысының сапасына қанағаттанушылық білдірді
Ұлт жоспары: қазақстандықтардың 74%-ы соттар жұмысының сапасына қанағаттанушылық білдірді
А.Рахметулин брифингті аша келе, 2016 жылы Қазақстан сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңі басталғанын, Ұлт Жоспарын практикалық тұрғыдан іске асыру қамтамасыз етілгенін, судьялардың VII съезі өтіп, онда сот жүйесін дамыту басымдықтары айқындалғанын атап өтті. А.Рахметулин 2016 жылы сот жүйесінің атқарған жұмысының негізгі қорытындысына ерекше тоқталды.
«Судьялардың VII съезінде Мемлекет басшысы үш сатылы сот төрелігі жағдайындағы соттар жұмысын жоғары бағалады. Жаңа процестік ережелер мен құқықтық институттар, сондай-ақ судьяларды іріктеу мен мансаптық ілгерілетудің жаңа жүйесі алғашқы тексерістен өтіп, өз өміршеңдігін дәлелдеді. Сот сатыларының қысқаруы бірінші және апелляциялық сот сатыларының рөлін күшейтті. Судья лауазымына үміткерлер үшін жұмыс өтілі бойынша талаптар қатаңдатылды, жаңадан тағайындалған судьялар үшін сынақ мерзімі енгізілді. Полиграф арқылы зерттеу енгізілді. Судьяларды іріктеу кезеңі барынша жариялы түрде өтеді. Бұл жұмысқа Қоғамдық кеңестер кеңінен тартылады», - деді А. Рахметулин.
Сонымен бірге, оқу процесі мен сот практикасын барынша байланыстыруға мүмкіндік беретін, судьялардың біліктілігін жоғары деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін, ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіретін Жоғарғы Сот жанынан Сот төрелігі академиясы құрылды. Сот қазылары өз қызметін жаңа тәртіп бойынша жүзеге асыруда. Ендігі кезекте судьялар өз біліктілігін әрбір бес жыл сайын дәлелдеп отырады. Өткен жылы 1200-ден астам судья алғаш рет кәсіби бағалаудан өткен.
Бұдан бөлек, республиканың барлық соттары аудио-бейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жабдықталды. Судьялардың VII съезінде Судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданды. Ол судьялардың кәсіби және соттан тыс қызметін реттейді.
«Жалпы өткен жылы соттар жұмысының сапасына қанағаттанушылық деңгейі 74 пайызды құрады. Мұны 16 мыңнан астам адам қатысқан электрондық сауалнаманың нәтижесі дәлелдейді. Шамамен осындай нәтижені Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының зерттеуі де көрсетті (71,3%). Дүниежүзілік экономикалық форум (72-ші орыннан 68-ші орынға) мен Дүниежүзілік банктің халықаралық рейтингтерінің (190 елдің ішінде 9-орын) сот индекстері бойынша Қазақстанның позициясы да жақсарды», - деп атап өтті қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды