- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл 21 мың қазақстандық азамат жұмысшы мамандықтарын тегін ала алады
Биыл 21 мың қазақстандық азамат жұмысшы мамандықтарын тегін ала алады
Бұл бағдарламаны ҚР Үкіметі 2016 жылдың 26 желтоқсанында бекітіп, оны қаржыландыруға 118,8 млрд. теңге бөліп отыр.
«Бес жыл ішінде, яғни 2017 – 2021 жылдар аралығында кадрларды дайындауға 106,5 мың адам тартылады. Әр жылға шаққанда – 21 мың адамнан.Сонымен қатар, қысқа мерзімді оқуға 214 мың адам тартылады. Демек, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 320,5 мың адамды құрамақ. Маман болуға ниетті азамат бірден үш жұмысшы біліктілігін меңгере алады. Мысал үшін, ол «тас қалаушы», «таспен өңдеуші» біліктіліктеріне ие болып, қалауы болса, орта буын санатына жатқызылатын «техник-құрылысшы» біліктілігін алу үшін оқуын жалғастыра алады», - дейді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Рауза Шырғатова.
Алдын ала болжам бойынша, 2021 жылға қарай Қазақстанда оқып жатқандардың 40% дейін жұмысшы мамандықтарын таңдап, нарықтағы біліктілігі жоқ жұмыс күшінің үлесі 20% дейін кемімек. Халықтың жұмыспен қамылуы өсіп, жұмыссыздық көрсеткіші 4,8% дейін төмендейді.
Кәсіби жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді оқыту 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде жүргізіліп, колледждер, оқыту орталықтары және әскери-техникалық мектептерде өткізілмек.
Бағдарлама әлеуметтік мәселелерді шешіге бағытталатындықтан, оған бірінші кезекте 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқуларын жалғастыра алмағандар, жұмыссыздар, қиын өмірлік жағдайға түскендер, сондай-ақ, аз қамтылған отбасылар мүшелері, көп балалы отбасылардан шыққандар, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында тұратын жасөспірімдер тартылмақ.
Талапкерлерді іздеу және бағдарлама туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір елді мекендегі ауылдық немесе қалалық әкімшіліктерінде наурыз айынан бастап жергілікті жұмыспен қамту, білім беру, полиция органдары мен жастар ұйымдары өкілдерінен құралған жедел топтар жұмыс істей бастайды. Өңірлік комиссиялар колледждер, профессиялар және мамандықтар тізімдерін әзірлейді. Облыстық білім басқармалары өңірлік комиссиялар шешімдерін негізге алып, колледждермен кадрлар дайындау жөніндегі келісімшарттар бекітеді. Бағдарламаға қатысушыларға қажетті құжаттар жиынтығы жеке күәлігінің көшірмесі, білімі жөніндегі құжат (аттестат, күәлік), денсаулығы жөніндегі анықтама және әлеуметтік статусын растайтын анықтамадан (бар болса) тұрады.
Бағдарламаға қатысатын колледждерді іріктеу екі критерий бойынша жүргізіліп жатыр: білім беру қызметін жүргізу құқығын беретін лицензияның болуы және ТжКБ саласында 3 жылдық тәжірибенің болуы шарт. Техникалық, ауыл шаруашылығы, технологиялық, сондай-ақ, сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша жұмысшы кадрларын дайындау екі деңгейлі білім беру моделінің модульды бағдарламалары бойынша жүргізіліп, үш жұмысшы мамандығына дейін алуға мүмкіндік береді. Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты. Бағдарламаға қатысушылар стипендияламен, бір реттік тамақтанумен және жол ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік білімді жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмесе де), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 29 жасқа дейінгі жастар ала алады. Әркім өз сұрақтарын жергілікті білім мекемелеріне, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік өкілдігіне, ауылдар мен қалалардың әкімшіліктеріне жолдай алады.
Қысқа мерзімді оқуға қатысушылар стипендиялармен, жол ақысымен (бүкіл мерзімге 4 АЕК), тұрғын орнымен (айына 5 АЕК) қамтамасыз етіледі. Жұмыспен қамту орталықтары оқуларын бітіргендердің жұмысқа алынуларына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, алыста орналасқан елді мекендер тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылатын орталықтарда оқып, мамандық алуға жағдай жасалады. Ондай орталықтар 5 өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ашылмақ. Қолға алынып жатқан шаралар нәтижесінде 2021 жылға қарай Қазақстанда оқып жатқандардың 40% дейін жұмысшы мамандықтарын таңдап, нарықтағы біліктілігі жоқ жұмыс күшінің үлесі 20% дейін кемімек.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек