- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары Жолдауды өңірлерде түсіндіреді
Мәжіліс депутаттары Жолдауды өңірлерде түсіндіреді
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы – еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Осы кезеңде әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді»,-деді Н.Нығматулин.
Спикер атап өткендей, Жолдау заң шығару органының алдағы нақты мақсаттарын көрсетумен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіретін қуатты күшке ие.
Депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет – маңызды құжатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру. Кең көлемде насихат жұмыстарын қолға алу.
Осыған байланысты ертеңнен бастап Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады. Одан әрі күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді қарауға көшкен депутаттар кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізуге қатысты конституциялық заң жобасын және оған ілеспе Жоғары Сот Keңeci туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.
Заңның қолданыстағы нормаларын негізге алсақ, судьялардың атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейтінін көрсететін кәсіби қызметінің теріс нәтижесі судьяны лауазымынан босату үшін негіз болып табылмайды.
Судьялар корпусының сапалық құрамын одан әрі арттыру, кәсіби біліктілігін бағалау және оны көтеруге ынталандыру тетігін жетілдіру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайту үшін жауаптылықты арттыру мақсатында судьяның кәсіби қызметін мерзімді бағалаудың теріс нәтижесі алынған жағдайда, оның кәсіби қызметіне қайтадан бағалау жүргізбестен судьяны лауазымынан босатуды көздеу ұсынылады.
Сондай-ақ заң жобасында Сот жюриі судьяны басқа сотқа немесе басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, судьялардың басқа сотқа конкурс өткізбестен ауыстыру тәртібін регламенттеу ұсынылады.
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес заң жобасында жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімдерін бір кезеңге 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды көздейтін түзетулер қамтылған.
Мәжіліс депутаттары жайылымдар туралы және оған ілеспе заң жобалары бойынша Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Оның заң жобасының тұжырымдамалық ережелеріне қатысы жоқ. Тек қана «аридті жайылымдар», «жайылымдарды суландыру» және «жайылымдардың жемшөп мөлшері» деген жаңадан қабылданған ұғымдарға қатысты ережелермен толықтырылды.
Палата халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының жарғысын ратификациялау бойынша заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Жалпы отырыс соңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей Мәжіліс жұмысының ашықтығы мен тиімділігін одан әрі күшейту мақсатында енді Үкімет сағаттары да онлайн режимде көрсетілетін болады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Өңірлерде санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр