- Басты
- Жаңалықтар
- МЖӘ: 125 ақмолалық бала жаңа балабақшаға баратын болады (ФОТО)
МЖӘ: 125 ақмолалық бала жаңа балабақшаға баратын болады (ФОТО)
Жоба МЖӘ аясында іске асырылған. 125 орынға арналған осы мектепке дейінгі мекеме үшін кәсіпкерлер ескі ғимаратты жөндеп берген.
Ақпарат бойынша, жобаны іске асыру үшін 70 млн теңге жұмсалған, мемлекеттік қолдау көрсетілген, «Даму» қоры арқылы 60 млн теңге сомасына несиелік мөлшерлеме субсидияланған.
Ғимаратта жылу, сумен жабдықтау, кәріз сыртқы және ішкі жүйелеріне, электрмен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жүргізілген, шатыры мен қасбеті жылытылған, 4 кіреберіс орын жөнделіп, тағы басқа да жұмыстар жүргізілген. Балабақшада толық күнге төрт топ құрылған.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті кеңейту кәсіпкерлікті дамыту үшін үлкен әлеует беретінін атап өткен болатын. МЖӘ-нің дамуы әкімдердің нақты әрі кәсіптік жұмысына байланысты. МЖӘ инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуы тиіс.
«Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жеке меншік әріптестігінің ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар – мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімнің барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет», - делінген Жолдау мәтінінде.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты