• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Монғолия теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестікті дамытады

Қазақстан мен Монғолия теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестікті дамытады

1 Ақпан, 2017 17:51
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ұлан-Батырда көлік саласындағы серіктестікті дамыту турасында кездесулер өткізді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Монғолия көлік және жолды дамыту министрі Дангаа Ганбатпен болған кездесуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қазақстанның көлік-логистикалық кешені саласын дамытудағы жетістіктері мен халықаралық көлік желісіне кіру мақсатындағы транзиттік әлеуеті туралы баяндады.

Қ. Алпысбаев компания жүзеге асырып жатқан ірі инфрақұрылымдық және темір жол көлігі саласын дамыту жобалары туралы әңгімелеп, қазақстандық тараптың монғол темір жолымен серіктестікті дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.

 «Ұлан -Батыр темір жолы» АҚ бастығы Дамдинсурэн Жигжиднямаамен кездесуде қазақтандық тараптың магистральдық тепловоздар, жүк вагондары, рельстер, бағыттауыш бұрмалары және басқа да темір жол өнімдерін Монғолияға жеткізу жайы қарастырылды.

Кездесу соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ұлан -Батыр темір жолы» АҚ арасында теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестікті дамыту бойынша Меморандумға қол қойылды.

Барлық жаңалықтар