- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Елбасы Жолдауын орындау үшін бар күшімізді саламыз (ФОТО)
Б.Сапарбаев: Елбасы Жолдауын орындау үшін бар күшімізді саламыз (ФОТО)
«Соңғы жеті күнде мемлекет басшысы Қазақстан халқына екі рет сөз арнады. Алғашқы маңызды құжат — Үндеуде Нұрсұлтан Әбішұлы президенттік өкілеттгінің кейбір тармақтарын Үкімет пен Парламентке беретінін жеткізген болатын. Бүгін Президент «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік қабілеттілік» атты Жолдауын арнады. Сіздер Қазақстанның зор табысқа Президенттің саяси жігерінің арқасында жеткенін білесіздер. Бұл Жолдау бұрынғыларынан өзгерек, өйткені бұл құжат негізінен еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағытталған,-деді Бердібек Сапарбаев.
Актив кезінде «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді. Облыс әкімі Мемлекет басшысы айтқан ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен стратегиялық құжаттың негізгі басымдылықтарын айтты.
Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өңірде геологиялық барлау жұмыстары күшейтілетінін жеткізді. Өнімді қайта өңдеу деңгейін жоғарылататын ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде 104 кооператив бар болса, жуырда әр ауданда сүт пен ет өңдеу цехы жұмыс жасайды деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының әр саласына жаңа технологияларды енгізіп, суармалы жерлердің аумағын ұлғайту қажет. 2015 жылы суармалы жерлердің көлемі 12 гектарды құраса, 2016 жылы 18 300 гектарға кеңейді. Бұдан өзге, 19 500 гектар суармалы жерді қайта қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды.
Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының азық-түлік тауарларын экспорттауды ұлғайту, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы мен жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, үлкен қалалар мен оларға жақын орналасқан елді мекендер арасындағы көлік қатынасын, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, білім сапасын жақсартып, үштілділікті дамыту және т.б. үшін облыс бар күшін салатынын баса айтты.
Шара кезінде Президент Жолдауын қолдап, оны жүзеге асыру үшін облыс халқын шақырған қоғамдық ұйымдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары да сөз сөйледі.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады