- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева Жапония елшісімен екіжақты байланыстың экономикалық мәселелерін талқылады
Д.Назарбаева Жапония елшісімен екіжақты байланыстың экономикалық мәселелерін талқылады
1 Ақпан, 2017 14:56
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабатамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Мейманмен кездесуде сенатор Мемлекет басшысының өткен жылғы қарашадағы Жапонияға ресми сапарының нәтижелі әрі мазмұнды болғанын атап өтті.
И.Кавабата Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады және екіжақты қатынастарды дамытуда мерейлі жыл қосымша серпін беретінін атап өтті.
Елші екі елдің заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты үдету мақсатында алдағы уақытта жапон парламентшілерінің сапары туралы хабардар етті.
Тараптар екіжақты байланыстардың экономикалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерін де талқылады. Кездесу соңында Жапония Елшісі қазақстандықтарды Алматыдағы дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылуымен құттықтады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
ҚР ӘЭД: Инвестиция, ЖІӨ, тұрғын үй және экономикалық өсімді ынталандыру шаралары -
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді -
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері