- Басты
- Жаңалықтар
- И. Тасмағамбетов: «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына дайындықты бастау керек (ФОТО)
И. Тасмағамбетов: «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына дайындықты бастау керек (ФОТО)
Бұл ретте, Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу өте маңызды.
«ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. «Алаш» алғашқы саяси партиясы және Алаш Орда үкіметінің пайда болуы азаматтық кемелденген және халықтың болашақ тағдырын шеше алатын қазақтың саяси зиялыларының жоғарғы әлеуетін көрсетті», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.
Бұл орайда, вице-премьер еліміздегі Алаштанушы тарихшылар мен әдебиетшілер, отандық кино және телевизия саласының мамандарымен бірлесе отырып, тың бастамаларды – кітап шығару, кино түсіру мәселесін қолға алу қажеттігіне тоқталды.
«Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Қазір ең бастысы, жақсы жоспар құруымыз қажет. Оған бір-екі аптадай уақыт алып, дұрыс жоспар құрып, оны Елбасымен келісіп, уақытын белгілеген жөн. Алаштың 100 жылдығы сол заманмен қалып қоймай, бүгінгі тәуелсіз мемлекетпен байланыстыру орынды болады. Алаш зиялыларының арманы, оның орындалғаны, тәуелсіз ел болғанымыз, осының барлығы ұлттық және тарихи сананы көтеретін жақсы дүние болуы керек», - деді вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.
Сонымен қатар, кеңес барысында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін мемлекеттік меншікке беріп, оның мәртебесін республикалық деңгейге көтеру, ғалымның ғылыми еңбектерінің 10 томдығын жарыққа шығару мәселесі қаралды.
Иманғали Тасмағамбетов ақын А. Байтұрсынов және «Алаш» қозғалысы жөнінде деректі фильм түсіру мәселесін жедел түрде қолға алу қажеттігін атады.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов ҚР Мәдениет және спорт министріне Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан ұлт зиялыларының өмірбаянын зерттеп, олар жөнінде көркем өмірбаяндық кітап шығаруды және Ахмет Байтұрсынов ғылыми еңбектерінің 10 томдығын басып шығаруды тапсырды.
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынұлының музей үйінің ғимараты республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілетін болады.
ҚР Білім және ғылым министріне музей-үйді мемлекеттік меншікке алу және оны А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанынан А. Байтұрсынұлы музей-үйі – ғылыми орталығы ретінде құру тапсырылды.
Еске сала кетейік, өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласына іс-сапар аясында Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінде болып, оның жұмысымен танысқан еді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы