• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстік Қазақстан облысында «Энергетикалық» кедендік бекет мекемесінің ашылу рәсімі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Энергетикалық» кедендік бекет мекемесінің ашылу рәсімі өтті

13 Желтоқсан, 2013 10:45
Кеше, 12 желтоқсан ОҚО-да «Энергетикалық» кедендік бекет мекемесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, оның ауқымы 320 шаршы метр, деп ОҚО кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кедендік  бекет мекемесінде құжат қабылдайтын 6 терезе бар. Күтушілер залы мен ақпараттық-косультативтік пункт,  салық төлемдерін енгізетін  2 POS-терминал бар. Бұлардың барлығы құжаттарды рәсімдеудің уақытын қысқартады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа кедендік бекетінің мекемесі әкімшілік кедергілердің жойылуына септігін тигізеді. Өз кезегінде сыртқы экономикалық қызмет бабына оң әсер беретін болады.

 

Барлық жаңалықтар