- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: ОҚО-да сот орындаушылардың жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Ұлт жоспары: ОҚО-да сот орындаушылардың жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Елімізде жүзеге асырылып келе жатқан бес институционалды реформаны іске асырудың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамында көзделген бағдарға сәйкес жұмыстардың істелініп жатқанын айтқан департамент басшысы жеке сот орындаушыларының институтын дамыту жұмыстары облысымызда жыл бойы қарқынды жүргізілгенін атап өтті.
Мәселен, өткен жылы аймақтағы жеке сот орындаушылар саны 96-ға көбейіп, бүгінгі күні 196 құрап отыр. Сәйкесінше, олардың атқаратын істер ауқымдылығы да артып, жеке орындауға жалпы 213 613 122 352 теңгеге 345 363 атқарушылық құжат түскен. Өткен кезеңмен (2015 жылмен) салыстырғанда, бұл көрсеткіш 52% көбейген. Жеке сот орындаушыларымен 191 859 құжаттың (72 123 960 110,27 теңгеге), немесе 56%, аяқталуы қамтамасыз етілген.
«2016 жылы жеке сот орындаушыларда алименттерді өндіруге қатысты 12 754 құжат болған, оның ішінде 2 678-нің өндірістері аяқталған. Ал, аталған кезеңде мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында болған 15 111 алименттік өндірістердің ішінде 14 099 аяқталып, жылдың соңында 1 512 құжат қалған», - деді Е.Дауылбаев.
Баспасөз жиынында адвокаттардың, нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасына бақылау жүргізу Әділет департаментінің функцияларының бірі болып табылатынын айтқан департамент басшысы облыс аумағында 423 адвокат және 467 нотариус заң қызметін көрсететінін, және олар 2016 жылы 11775 азаматқа тегін заң көмегін көрсеткенін жеткізді. Сондай-ақ, ол қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзғаны үшін 7 нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылып, 40 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын, 2 нотариус лицензиясынан айырылғанын айтты.
Сондай-ақ, АХАТ саласындағы жұмыстар аясында былтыр жергілікті атқарушы органдарымен 133349 азаматтық хал актілері тіркелген. Оның ішінде, тууды тіркеу 82036 болса, некеге тұруды тіркеу 21716 болған. Ал жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша 156 294 жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркеліп, оның ішінде 46509-ы нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін электрондық форматта тіркелген. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу жұмыстары шеңберінде 566 нормативтік құқықтық акті ұсынылып, оның 495-і тіркелді. 11 нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартылды, 56 – құқықтық сараптама жүргізілмей кері қайтарылды.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау аясында 19 әкімшілік іс қозғалып, соттарда қаралуына сәйкес, құқықбұзушыларға 1533483 теңге мөлшерінде айыппұлдар салынған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде